Текст
Жеңіс күні, жеңді Қазақ барлығын,
Төзалмады, өзге ұлттың қорлығын.
Тәуелсіздік, туын сермеп аспанға,
Одан басқа мақтау бар ма Қазаққа?
Пулеметтер, оқтар естіп қиналды,
Жертөледе жылдар бойы отырды.
Қариялар туғандарын аңсады,
Келер ме деп, сары уайымға салынды.
Балалар да күтті әке мейірімін,
Қорқып, жылап, алңдап та, сағынды.
Өтті уақыт, айлар өтті жылдар да,
Айтшы маған Қазақ кетті қаншама?
Фашистер неге шықтың одаққа?
Өз жерлерің аз болды ма, сонда да?
Жауынгерлер шықты қарсы шайқасқа,
Пайда беріп пе, сол шабуыл, соғыс па?
Өтінемін, татулықты сақтайық,
Елімізді, уайымға салмайық!