"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Азат ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Азат отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша анықтамалары, есебі

КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫ БОЙЫНША АҚПАРАТ

Азат негізгі мектебінің жұмысының негізгі бағыттарының бірі оқушылардың функционалды сауаттылығын қалыптастыру болып табылады. Бұл тұрғыда оқушыларға кәсіптік бағдар беру, оларды кәсіптер әлемімен таныстыру, алған блімдерін өмірде қолдана алуға үйрету жұмысына маңызды рөл бөлінеді.

Мектеп оқушыларына мамандық таңдауда көмек көрсетуге бағытталған жұмыс жоспары құрастырылып, бұл жоспар бойынша жыл бойы іс-шаралар өткізілді. Бұл тұрғыда сынып жетекшілері үлкен рөл атқарды. Тәрбие сағаттарында "Барлық мамандықтар маңызды", " Мен болашақта кім боламын?", "21 ғасыр мамандықтары" және т. б. тақырыптар қарастырылып талқыланды. 5-8 сынып жетекшілері осы бағытта жұмыс істей отырып, балаларды іскерлік ойындар, бейнероликтер, викториналар арқылы кәсіптерімен таныстырды. Бастауыш сынып мұғалімдері ертегілерді сахналау, "Мен болашақта", "Менің болашақ мамандығым" суреттер конкурсы, сонымен қатар түрлі викториналар өткізді. Сынып сағаттарынан, викториналардан, ойындардан басқа оқушылармен әртүрлі сауалнама жүргізілді,онда сынып жетекшілері оқушылардың кәсіби қызметтің белгілі бір түріне бейімділігін анықтайды.

Мұғалімдер күніне орай 9 сынып оқушылары өзін-өзі басқару күнін өткізіп, өздерін мұғалім қызметінде сынап көрді. Бұл іс-шарадан кейін балалардың ұстаздық қызметке деген көзқарасы өзгеріп қана қоймай,  құрметтері арта түсті.

Сонымен қатар, оқушылар жыл бойында бірнеше рет  орыс драма театрына барып, актерлердің тамаша ойынын тамашалап, актерлік шеберлікпен танысты.

        Начало формы


           Наурыз айында "Қайда оқуға баруға болады" деген  кәсіби бағдар бойынша стенд ресімделді. Жылдың соңына дейін бұл стендтегі ақпарат толықтырылып отырды.

 

Қараша айында 7-9 сынып оқушылары темір жол бекетіне экскурссияға барып, бұл саланың қызметкерлерімен кездесіп сұхбаттасты. Өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, бұл жұмыстын қыр-сырын білуге тырысты.

Көкшетау қаласының «Бурабай», «Арна», ГТК, №1 құрылыс-техникалық колледжі , Красный Яр ауылының «Агротехникалық колледжі»     9 сынып оқушыларына өздерінің колледждерін таныстырып, артықшылықтарын айтып,  кәсіптік бағдар бойынша жұмыс жүргізді. Бұл іс-шараларға түлектердін ата-аналары да қатысты.

 

 

Жыл бойы 1-5 сыныптарда шахмат  үйірмесі өткізіліп , оқушылар  мектепішілік және аймақтық сайыстарға қатысып, өздерінің қабілеттерін сынап көрді.

   

 

Спорттық үйірмелер де өз жұмысын атқаруда. Мектепте бокс, футбол, волейбол, баскетбол, қыс мезгілінде хоккей үйірмесі жұмыс жасайды. Мектеп оқушылары өз бейімділігіне қарай үйірмелерге қатысып,  өткізілген аймақтық жарыстарда жүлделі орындарға ие болды.

 

 

Оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру үшін бәсекелестікке қабілетті болу үшін мұғалімдер мен оқушылар арасында волейбол бойынша жарыстар өткізілді.

 

Еңбек сабақтарында оқушылар қолөнер жұмысымен танысып қана қоймай, өздері де түрлі бұйымдар, роботтар жасайды. Жұмыс нәтижесі бойынша көрме ұйымдастырып, өздерінің қолдан жасаған жұмыстарымен таныстырады.

  

Сонымен қатар білім алушылар танымдық және кәсіби қызығушылықтарына сәйкес қоғамдық пайдалы қызметке тартылады: жобалау-зерттеу қызметіне (конкурстарға, көрмелерге, фестивальдарға) қатысуы қамтамасыз етіледі.

Кәсіби бағдар беру-жас ұрпақты өзіне ұнаған тиісті мамандықты саналы таңдап алуға дайындауға бағытталған іс-әрекет

Директордың тәрбие ісінің меңгерушісі: Жетписова Фариза Айдаровна

 

Жаңартылған күні: 13.05.2020 12:31
Құрылған күні: 18.05.2020 15:49

Текст