"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Азат ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Азат отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстан халқының тілдер күні мерекесіне арналған 05-18 кыркүйек аралығында өткен онкүндік аясындағы іс-шаралар есебі

Азат негізгі мектебі

Қазақстан халқының тілдер күні мерекесіне арналған 05-18 кыркүйек аралығында өткен онкүндік аясындағы іс-шаралар есебі

Мақсаты:Тіл – ұлттың мақтанышы, тірегі, жүрегі екендігіне кең түсінік бере отырып, оқушыларды елжандылыққа, туған тілін құрметтеуге, тілді ұлттық мұра ретінде қастерлеуге үйрету.

2018 жылдың 5 қыркүйек айында  «Тіл – достықтың тірегі  тақырыбында апталықтың ашылу салтанаты  үш тілде өткізілді. Салтанатты жиын  қазақ әнімен  ашылды.(«Жаса,жаса қазағым» Р.Мамытов)  оқушылар тілдер туралы өлең шумақтарын оқыды.

Арнайы тіл онкүндігінің жоспары бойынша  мұғалімдер оқушылармен әртүрлі іс-шаралар өткізді.
6 қыркүйекте  9 сыныпта «Ахмет Байтұрсынұлы –қазақ әліпбиінің негізін қалаушы»  атты сынып сағаты өткізілді.

Сынып сағатында оқушыларға  А.Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылық өмірінен  мағлұмат беріліп, презентация көрсетілді.

6-18 қыркүйек  аралығында мектеп кітапханашысы Шолпан Бекеновна  «Ұлылардың ұлысы-Абай»  кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде Абай дың өмірі мен шығармашылығы жайында мақалалар ілінді.

«Абай- дана, Абай-дара қазақта» тақырыбында оқушылар эссе жазып,  табиғат  тақырыбындағы шығармалары аясында «Табиғат-ғажап әлемі»  тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды.

10 қыркүйек  латын қаріпіне негізделген қазақ әліпбиін қолдану арқылы жалпықазақстандық ашық диктант өткізілді.  Диктант тақырыбы: « 2019-Жастар жылына»арналды.  «2019 jyl – Jastar jyly» тақырыбында латын қарпіне диктант жазылды..

13  қыркүйекте «Қазақшаңыз қалай?» интеллектуалды ойын өткізілді. Ойынның мақсаты: басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге құрметпен қарауын, сонымен қатар, теледидарда жүргізілетін қазақша хабарға қызығушылықтарын арттырып, тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеуге, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге ат салысуға шақыру. 

Бұл ойынға  өзге ұлт өкілдерінен 3 оқушы қатысты . ( Кладченко Карина, Загребельный Сергей, Антошкина Ксения).  Ойынның жалпы  кезеңдері: 
І . «Сәлем – сөздің бастауы» 
ІІ . «Дода» - сұраққа жауап беру. 
ІІІ . «Кім жылдам?» шашыраңқы сөздерден сөйлем құру. 
ІV . «Білімді мыңды жығады»- тиісті әріпті қой
V .  «Әріптер сайысы.»   әр әріпке сөз айту.

VІ . «Мәнерлеп оқу» сайысы  ( бір өлең жатқа оқу). 

VІI. Мақал-мәтелдер сайысы

Ойынның әрбір кезеңдерінде оқушылар өз қабілеттерін көрсете біліп, жауапкершілікпен қатысты. Сайыс жеңімпазы 8 сынып оқушысы Загребельный Сергей, 2-орын 9сынып оқушысы Кладченко Карина, 3-орын  8 сынып оқушысы Антошкина Ксения .

17 қыркүйекте ағылшын тілі мұғалімі   «My friend  letter» 3-сынып оқушылар аралығында  сайыс сабақ өткізді.  Оқушылар ағылшын тілінде  дене мүшелері тақырыбында  әртүрлі тапсырмалар орындап, ағылшын тілінде өз достарын сипаттап берді. Сабақ соңында  оқушыларға дәмді сыйлықтар  таратылды.

«Жаңа әліпби-жаңа өмір бастауы» тақырыбында мәнерлеп оқу сайысы өткізілді.Оқушыларға  латын алфавитімен жазылған текст берілді. Олар 1 минут ішінде қанша сөз оқитыны тексерілді. (1- орын Клаченко Карина, 2 орын Байдуллина Камила, 3-орын Досжанова Жазира, 3-орын  )

«Жанар» балабақшасында жас бүлдіршіндермен  «Ертегілер елінде» көрінісі өткізілді. Балалар «Жеті лақ» ертегісінен үзінді көрсетті.

Қазақстан халқының Тілдері күні мерекесіне орай өткізілген он күндіктің жабылу салтанаты 18 қыркүйекте өткізілді. Мектеп оқушылары орыс,қазақ, ағылшын тілдерінде ән орындады. Апталыққа белсенді қатысқан барлық оқушылардың есімдері аталып, мадақтама қағаздары  берілді

Мұғалімдер түрлі әдіс- тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың қазақ  тілі мен ағылшын тілін жетік меңгеріп білуіне көңіл бөліп, пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, ізденімпаздық қабілеттерін оята білді.

Қорыта келгенде тіл апталығы белгіленген жоспар бойынша жоғары деңгейде  өткізілді

Жаңартылған күні: 23.01.2020 18:07
Құрылған күні: 23.01.2020 18:07

Текст