Текст
Астанада Оқу-ағарту министрлігінің кубогі үшін оқушылар арасында өткен республикалық дебат турнирі аяқталды. Еліміздің әр өңірінің 27 оқушысы жеңімпаз атанды. Олар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Республикалық кезеңдегі зияткерлік сайысқа облыстық турнирлердің жеңімпазы атанған 100-ден астам оқушы қатысқанын айта кетейік.
Қазақ, орыс және ағылшын лигалары бойынша бірінші орынды және Оқу-ағарту министрлігінің кубогін Павлодар және Ақтөбе облыстарының командалары жеңіп алды. Үздік спикерлер Оралғазы Ақниет (Семей қ.), Мұрзаділова Арухан (Астана қ.), Абдусаматова Севинч (Түркістан облысы) атанды.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1671424660