Форумға облыстардың басшылары, салалық мемлекеттік органдар мен екі ел іскер топтарының өкілдері қатысты.
Президент бейнебайланыс режимінде өткен жиында барлық шектеуді алу және сауда саласында өзара тиімді жағдай жасау елдеріміздің сапалы экономикалық өсіміне жол ашатынын атап өтті.
– Өткен айда біз елдеріміз үшін атаулы дата – дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толғанын атап өттік. Осы уақыт ішінде екі мемлекет достық пен тату көршілік қатынастарға негізделген өзара тиімді стратегиялық серіктестік орната алды. Елдеріміз арасында сенімді және конструктивті диалог орнап, ынтымақтастықтың жоғары деңгейіне қол жеткізілді. Біз халықаралық ұйымдар мен интеграциялық бірлестіктер (БҰҰ, ТМД, ҰҚШҰ, ЕАЭО, ШЫҰ, ЕҚЫҰ және АӨСШК) аясында өзара белсенді әрекет етеміз. Бұл өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және бүкіл Еуразияның жаһандық саясат пен экономикадағы рөлін арттыруға елеулі үлес қосады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1669637090