"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Азат ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Азат отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жоба "Қажырлы еңбек - табыс кілті"

10.03.2021

«Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» халықтың еңбекке деген сүйіспеншілігін дәріптеу және еңбек адамына деген құрметті арттыру мақсатында еңбек етуде бар күш-жігерін салған, өмірде кездескен түрлі қиындықтарға мойымаған әрі қоғамға пайдасын тигізген тұлғаларға арналған «Қажырлы еңбек – табыс кілті» атты флаерлер (инфографикалар) дайындауды ұйымдастырады. 

❇️Мақсаты: ҚР Тәуелсіздіктің 30 жылында әр салада қажырлы еңбектің арқасында жетістікке жеткен адамдардың тәжірибесін, еңбекқорлық құндылықтарын, ұдайы өзін-өзі жетілдіру идеясын тарату арқылы еңбекке деген сүйіспеншілікті насихаттау, жастарға үлгі ету. 

❇️Қажырлы еңбектің арқасында көрнекті жетістікке жеткен тұлғалардың еңбек салалары:
- білім беру;
- ғылым;
- медицина;
- мәдениет;
- ауыл шаруашылығы;
- өнеркәсіп.

❇️Көрнекті жетістіктің белгілері:
- қоғамға және адамзатқа пайдасын тигізетін шәкірт тәрбиелеу, ұрпаққа мұра қалдыру;
- өз еңбек саласын республикалық, әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті ету;
- ғылымда, өндірісте жаңалық ашу.

❇️Қажырлы еңбектің белгілері:
- ұзақ жыл бір салада еңбек ету;
- өмірде және еңбекте кездескен түрлі қиындықтарға мойымау;
- кәсіби біліктілгі мен дағдыларын және уақытын тиімді пайдалануға бағыттау;
- еңбек жолында қайсарлық, қайраттылық, табандылық таныту.

❇️Қатысу шарттары:
1. Тұлғалардың кандидатурасын үшінші тараптан Instagram желісіндегі өз парақшасында ұсынады. Ұсынылатын тұлғалардың жасына шек қойылмайды. 
2. Қабылдау мерзімі: 2021 жылғы 15 наурызға дейін.
3. Тұлғаларды ұсыну жарияланымында (пост) #қажырлыеңбек және #выдающийсяуспех хештегтерін қолдану міндетті. 
4. Тұжырымдаманың белгілеріне сай іріктелген тұлғалар туралы инфографикалар дайындалады. 
5. Тұлғалар туралы ақпараттар Ruh.kz, Kipd.kz сайттарында және Instagram парақшаларында жарияланады. 
6. Тұлғалардың инфографикасы Өңірлік жобалық офистердің әлеуметтік желілерінде ілгерілетіледі.

#руханижаңғыру 
#руханижангыру
#Киор
#жоба
#еңбек

Просмотров: 202


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст